Жоғары сапалы камералар мен бейнесигналды цифрлық беру автомобиль айналасындағы жағдайды қозғалыс кезінде де, тұраққа қою кезінде де анық әрі егжей-тегжейлі көрсетеді.
Бұрылыс көрсеткіші қосылған кезде цифрлық аспаптар панеліне тиісті «соқыр» аймақтағы жол жағдайының бейнесі шығарылады.
Салондағы арнайы камера мен навигациялық жүйенің экраны артқы қатардағы жолаушылардың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Функция барынша жайлылық үшін артқы жолаушылармен сөйлесу режимімен бірге жұмыс істейді.
*Артқы жолаушылармен сөйлесу режимі премиумды BOSE аудиожүйесі бар жиынтықталымда қолжетімді.
Озық электрондық жүйелер кешені (ABS, ESC, HAC және MCB) автомобильді толық бақылауды қамтамасыз етіп, күтпеген жол жағдайларындағы тәуекелдерді барынша азайтады.
Автомобильдің мінез-құлқын жүргізу мәнеріңіз бен жол жағдайларына бейімдеуге мүмкіндік береді.
Артқы жолаушылар туралы еске салу жүйесі сапар аяқталған кезде салонды тексеру қажеттігін дер кезінде еске салады.
Автомобиль тоқтаған кезде жүйе арттан жақындап келе жатқан көлікті анықтаса, жылжымалы есіктерді жабық күйде ұстап тұрады және салон есіктерінің кез келгенін ашуға әрекет жасалғанда ескерту шығарады.
Автомобильдің бүйірлеріндегі қосымша датчиктер кедергілердің жақындағанын дер кезінде ескертіп, ең тар кеңістіктерде де қауіпсіз тұраққа қою мен маневр жасауды қамтамасыз етеді.
www.hyundai-pavlodar.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.